Back

Президент Жарлығымен Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

О.О.Сүлейменовке жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы

Қаулы етемiн:

  1. Отандық әдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, сондай-ақ бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін ақын, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовке жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 17 мамыр. №263

 

Қазақпарат