Cоңғы жаңалықтар
Back

Қазақстан мен Канада арасында кәсіпкерлік байланыс артуда  

Қазақстан мен Канада шағын және орта бизнес саласындағы серіктестігін дамытуын жалғастыруда.

Канадалық атқарушылық қызмет ұйымы (әрі қарай «CESO») және «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы (әрі қарай «Палата») «Аға сеньорлар» жоба шеңберінде өзара келісім Меморандумына қол қойды.

Палата Басқарма Төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов мырза және CESO Президенті және Басқарма Төрағасы Уэнди Харрис ханым Меморандумға  қолдарын қойды.

Палатаның конференция залында өткізілген қол қою рәсімін Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шон Стайл мырза куәландырды.

Қол қойылған Меморандум Қазақстандағы шағын және орта бизнес саласында өз үлесін қосып дамытуына әрекет жасаған жаңа серіктестерді біріктіреді.

Шағын және орта бизнес кәсіпкерлік менеджмент саласында озық тәжірибелері мен тағылымдамаларын ортаға салған екі жақ өкілдері Қазақстан Үкіметінің шағын және орта бизнесінің жалпы ішкі өніміндегі үлесін арттыру бастамасын қолдады.

Келесі жылдың ағымында  индустрияның жекелеген салаларында арнайы мамандырылған CESO сарапшылары пайдала қазбаларға байланысты емес, негізгі Қазақстандық индустриялардың дамыту саласына  өздерінің үздік білімдері мен тәжірибелерін еңгізу үшін Канададан Қазақстанға келуін жоспарлап отыр.

CESO Канада және әлемнің 122 елінде белсенді түрде орын алған  волонтерлық жетекші ұйымдардың бірі болып табылады.  Палата сияқты CESO ұйымы шағын және орта бизнес пен индустрияның дамуын өзінің негізгі мақсаттарының бірі ретінде санайды.

Шағын және орта бизнес саласы Канада экономикасының негізгі бөлігі болып табылады. Канададағы шағын бизнестің үлесі – Канададағы барлық тіркелген  кәсіпкерліктің  98 пайызын құрайды. Канаданың  жалпы ішкі өнімінің 50 пайыздан астамы шағын және орта бизнесінің үлесінде.  Сонымен қатар мемлекетте жаңадан ашылып жатқан жұмыс орындарының төрттен үш  бөлігі – осы салаға тиесілі. Біріккен жоба шағын және орта бизнес саласындағы тәжірибе алмасудың жақсартуын көздейді.

Канадалық тәжірибе, Палата мүшелеріне  кәсіпкерлік саласындағы жаңа мүмкіндіктермен әдістемелерді және басқа да инновацияларды тануға ықпал етеді. Палата қол қойған бүгінгі Меморандум – Канада мен Қазақстан арасындағы кәсіпкерлік салада тәжірибе алмасуды одан әрі арттыру болып табылатын ортақ мақсатымызға айнымастық пен  жақындасу мүмкіндігін сыйлайды. 

– Осы Меморандуммен біріктілген CESO ұйымымен бірлесіп өткізілетін әр іс-шара – бір қатар тапсырмалар мен іс шаралардың басын косып, Қазақстан индустриализациясы мен кәсіпкерлік саласының дамуына өз үлесін қосады –  дейді  елші.

Гүлден Балғожина,

Қазақстандағы Канада елшілігі