Back

Немістер қалай байыды?

Сонау сойқан соғыстан күл-талқаны шығып қирап қалған Германия неге тез арада байып кетті? Философ А. Айталы өзінің «Ұлттану» кітабында мынаны айтады: «Патриотизмнің іргетасын экономикалық көзқарастар құрайды», – дейді ол. Сөйтіп, неміс- герман патриотизмінің мынандай өсиеттерін келтіреді.  Бұл өсиеттен бізге де үлгі алуға, үйренуге болады, оқырман қауым.

 

 Тіпті ұсақ-түйек шығын шығарғанда да Отанның және ел азаматтарының мүдделерімен есептес.

 Шетелдің бір теңгеге тұратын тауарын сатып алғанда, өз еліңе бір теңге зиян келтіретініңді ұмытпа.

Сенің ақшаң тек неміс саудагерлері мен жұмысшыларына пайда әкелуі керек.

 Шетелден келген машина мен құрал-саймандарды қолданып, неміс жерін, неміс шаңырағын, неміс шеберханасын қорлама.

 Дастарқаныңа шетелдің етін, майын т.б. қойма, себебі ол неміс ет өндірісі мен отандық мал шаруашылығына зиян келтіреді.

 Әр уақытта неміс қағазына неміс сиясына малып, неміс қаламымен жаз да, неміс сорғышымен сорғыз.

 Неміс игілігіне тек немістің ұны, немістің жемісі, немістің еті жарайды.

 Тек неміс матасынан тігілген сырт киім мен неміс қолынан шыққан бас киімдерді ки…

 

Міне, неміс патриотизмінің ұраны осындай.

 

(Көшіріп басқанда Dalanews сайтының гиперсілтемесін көрсету міндетті!)