Back

Трамп жеңе ме, Клинтон ба?

“Суперсейсенбідегі” партиялар арасындағы іріктеуден Трамп алты штат бойынша, Клинтон — жеті штат бойынша жеңіске жетті.

АҚШ президенттігіне Республикалық және Демократиялық партиялар атынан үміткерлер Дональд Трамп пен Хиллари Клинтон сайлау алдындағы жарыста лидерлер болып қалды.

“Суперсейсенбі” деп аталатын алдын ала нәтиже бойынша сенатор Трамп алғашқы сайлауда (праймериз) алты штат бойынша, ал бұрынғы мемлекеттік хатшы Клинтон — жеті штат бойынша жеңіске жетті.

Республикалық-сенатор Тед Круз өзінің туып-өскен Техас штатында және Оклахома штатында алға шығып, Трамптың басты қарсыласы болды. Флорида штатынан шыққан сенатор Марко Рубио болса, Миннесот штатында ғана бірінші болды.

Ал Клинтонның басты қарсыласы сенатор Берни Сандерс Вермонт және Колорадо, Миннесот пен Оклахома штаттарында алға шыққан.

“Суперсейсенбіде” праймериз бен партиялық жиындағы дауыс беру 12 штат бойынша өтті. Нәтижесі бойынша Республикалық және Демократиялық партия атынан ең көп дауыс алғандар АҚШ президенттігіне басты үміткерлер болады.