Back

Пьер Ришардың көксегені не?

Әйгілі француз комигі, актер Пьер Ришар Мәскеу тұрғындары үшін «Пьер Ричард III» деп аталатын моноспектаклінің алғашқы таныстырылымын өткізбекші.

Актердің өз өмірі жайында баяндалатын моноспектакль Мәскеудегі «Космос» концерт залында өтеді деп күтілуде. Қойылым қарсаңында журналистермен жүздескен актер қойылымда өз өмірін, етжақын адамдары, сахнадағы әріптестері жайында сыр шертетінін алға тартқан. Сонымен қатар ол спектакль барысында жеке мұрағатындағы жұрт назарына ұсынылмаған бейнематериалдарды да көрсететінін айтты.

«Пьер Ричард III» қойылымы комедиялық және драмалық жанрлар қатар жүретін – өткенді еске түсіретін спектакль деп қарастыру керек екенін алға тартты.

Ол моноспектаклін Қырымда да қоюды жоспарлаған-ды. Бірақ бұдан саяси астар іздеушілер көбейген соң, ол Қырымға барудан бас тартыпты. Бүгінде кино саласында танылып, мол қаржыға кенелген Францияның өнер адамдары Ресейден шықпайтыны жасырын емес. Алдағы уақытта Пьер Ришар да өнердегі әріптесі Жерар Депардье сияқты Ресей азаматтығын алып жатса, таңғалмаймыз.

“ҚмД” ақпарат