Cоңғы жаңалықтар
Back

Орынды ұсыныс айтылған кездесу

 

№126 мамандандырылған лицейінде 16-17 қазан аралығында Алматы қаласының әкімі Б.Байбек мырзаның тапсырысы бойынша 2015 жылдың 9 айына арналған кіріс және шығыс есебіне байланысты ата-аналар  жиналысы өтті.

Лицей директоры М.М.Тулендиев жергілікті бюджеттен бөлінген қаржылар туралы мәлімдеме жасап, 2015 жылы  мектепке қаражат 190 млн теңгенің құрағанын алға тартты.

Жиналысқа қатысқан ата-аналар лицей директоры М.М.Тулендиевтің есебін мұқият тыңдап, өз тараптарынан ұсыныстар ұсынды. Ұсыныстар лицей мәжіліс залына орындықтар алынып, лицей ауласының қоршауы жөндеуге қатысты болды.

Өз кезегінде лицей директоры ата-аналар тарапынан айтылған ұсыныстарды дұрыс  қабылдады. 2016 жылға бюджеттен бөлінген қаражатқа енгізіп қоятынын және орындауға уәде берді. Ата-аналар 2015 жылдың 9 қазанынан бастап лицей директоры міндетін атқарып келе жатқан М.М.Тулендиевке сәттілік тілеп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істейтіндерін алға тартты.

С.С.Батырбекова, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі