Cоңғы жаңалықтар
Back

Адамгершілік туралы мақал-мәтелдер

1.Адамгершілік болмай,

Әділдік болмас.

 

2.Адамның ұяты бетінде ,

Адамгершілігі ниетінде.

 

3.Жақсы ниет – жарым ырыс.

 

4.Асыңа тойғызбасаң да,

Ақ ниетіңе тойғыз.

 

5.Су бермегенге, сүт бер,

Ақ ниетіңді білсін.

 

6.Кең болсаң, кем болмайсың.

Қолы ашықтың, жолы ашық.

 

7.Игіліктің ерте, кеші жоқ.

 

8.Жүзігің алтын болғанша,

Жүзің жарқын болсын.

 

9.Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің.

 

10.Иілген басты қылыш кеспес.

 

11.Кешірерсің кешерсің,

Жетілерсің жетерсің.

 

12.Алдыңа келсе атаңның құнын кешір.

 

13.«Сіз» деген әдеп,

«Біз» деген көмек.

 

14.Өзіңді өзің сыйламасаң,

Өзгеден сый күтпе.

 

15.Пышақты өзіңе сұқ

Ауырмаса өзгеге сұқ.

 

16.Ана алдында – құрмет,

Ата алдында қызмет.

 

17.Кішіпейілділік – кісінің көркі.

 

18.Ақылың болса, арыңды сақта,

Ар ұят керек әр уақытта.

 

19.Адам болып туған соң,

Адам болып өлу лазым.

 

20.Ынсап, ұят, терең ой –

Асыл зейнет ойлап қой.