Back

Дрондар көпір сала бастады

Швейцариялық инженерлер аспалы көпір салу ісіне пайдаланатын дрондтарды  сынақтан өткізді. Олар жерден басқарылатын ұшақтарды тросс-арқандарды бекітуге пайдаланғаны  мәлім болды. 

Осылайша көпір салатын ұшақтар тәжірибелік сынақтан сәтті өткен. Жерден басқарылатын ұшақтардың байлаған болат арқандары адам салмағын еркін көтергенін айта кетуіміз керек. Бұл – дрондтарды алғаш рет автоматтық жүйеден ажыратып, басқа пайдаланудағы алғашқы тәжірибе.  Швейцариялық инженерлер салмағы аз болат арқандармен жұмыс істегендерін мәлім етті. 1,3 тонна затты көтеретін 8 гарамдық арқандарды дрондтар еш қиындықсыз көтеріп, шағын көпірді салған.

Дайындаған, Ерболат БАТЕС