Шымкентте WhatsApp арқылы террористік ұйымды насихаттаған тұрғын сотталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мән-жай
Прокуратура мәліметінше, 2024 жылғы қыркүйекте Шымкент қаласында С. есімді азамат WhatsApp мессенджері арқылы танысы Т. есімді азаматшаға халықаралық террористік ұйым "Мұсылман бауырлар" идеологиясын және "қарулы жиһад" идеясын насихаттайтын, сондай-ақ, зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды жолдап, террористік топтарға қосылуға үгіт–насихат жасаған.
Сот үкімі
Сот үкімімен С. ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігі (терроризмді насихаттау, сондай-ақ осындай мазмұндағы материалдарды интернет-ресурстар арқылы тарату) және 296-бабының 1-бөлігі (террористік не экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарға үгіт - насихат жасау, даярлау немесе қаруландыру) бойынша кінәлі деп танылды.
"Оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, былтыр осындай қылмыс жасағаны үшін 10 адам сотталған.
Прокуратура бұл әрекеттер үшін 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылғанын ескертеді.