"Turkistan" телеарнасы жасанды интеллект арқылы алғашқы қазақ мультфильмін дайындап шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz
Жаңа анимациялық туынды "Түркістан сақшылары" деп аталады. Идея авторы - телеарна қызметкері Ғасыр Құралбайұлы.
Жасанды интеллектпен жұмыс істеуді жетік меңгерген маман мультфильмнің бірінші сериясын 7 күнде жасап шыққан. Ең қызығы – бірінші серияға бар болғаны 70 мың теңге қаржы жұмсалған.
Ғасырдың айтуынша, жасанды интеллект бағдарламасының ақылы нұсқасына жазылуға - 100 АҚШ доллары, анимациялық фильмнің саундтрегін жаздыруға 20 мың теңге жұмсалған.
Сондай-ақ, ол мультфильмнің келесі сериялары дайындалып жатқанын айтты. Сондай-ақ, болашақта кинотеатрларда көрсетілетін толыққанды коммерциалық мультфильм түсіруді жоспарлап жүргенін айтты.
Фильм сюжеті қасиетті қала Түркістанды қауіп-қатерден қорғап, балаларды адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелейтін мифологиялық кейіпкерлердің әрекеттерінен құралған. Олар, Ақпантер – жылдам әрі батыл барыс, Алтынқанат – бәрін байқағыш бүркіт, Тасбатыр ата – ғасыр жасаған ақылгөй тасбақа.