Шерзаттың әкесі Тоқаевқа үндеу жасады

Cағыныш Сардарова 21 нау. 2025 10:12 2430

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, көмек сұрады, - деп хабарлайды Dalanews.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеп.

Қаржаубай Нұрымовтың үндеуін қарындасы Перизат Нұрымова оқып берді. 

- Құрметті Президент мырза, Конституция кепілі ретінде сізден әділ сот сұраймын. Бауыр етім бауырым мен ұлымды жоғалтып, болып жатқан әділетсіздікке қарсы күрестім. Өзімнің отбасымды, жақындарымды қорғауға тырыстым. Ешқашан дүрбелеңге және жаман нәрселерге үгіттеген емеспін. Желтоқсанда тек інімнің ісі әділ тергелуін талап етуге тырыстым. Бұған дейін орнын босатқандар - ескі жүйенің қалдығы. Сондықтан әділетті Қазақстанға сене отырып, күресуге бел будым. Сізден сот әділетті өтуін сұраймын. Қазақтың ұлдары мен қыздары көшеде өлуі осымен тоқтасыншы", - деп жазылған Қаржаубай Нұрымовтың үндеуінде. 

Айта кетейік, Талғарда былтыр 10 желтоқсанда полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевты жерлегеннен кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған.

Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян етіп, наразылықтарын жеткізген болатын. 

Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды.

12 желтоқсанда Нұрымовқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы («Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру») бойынша соталды тергеу басталған еді.

Қаржаубай Нұрымов 25 желтоқсанда 15 тәулік әкімшілік қамаудан босатылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар