Ресейдің Қорғаныс министрлігі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевқа қатысты марапаттау парағын жариялады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Кемел Тоқаев 1945 жылы қаңтарда Польшада көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.
7-ші жеке гвардиялық Ломжинск ауыр танк шабуыл полкінің командирі, гвардия подполковнигі Афанасий Поваров қол қойған құжатта былай делінген:
"1945 жылы 21 қаңтарда Еглиёвец елді мекенінің солтүстік-батыс аумағында немістер түнде біздің позицияларға қарсы шабуыл жасады. Автоматшылар өз танктерін тайсалмай қорғап, кейін қарсы шабуылға шығып, немістерді шегіндірді. Жолдас Тоқаев жау шебіне бірінші болып басып кіріп, автоматымен 5 немісті атып өлтірді және бір жаралы немісті тұтқынға алды. Тұтқынды өз бөлімшесіне әкеле жатқанда, Тоқаевтың аяғына жарылғыш оқ тиіп, жараланды. Тоқаев жаралы немісті атып өлтіріп, жарасын таңып, өз танктеріне жетті".
Бұл күні неміс мергені жарылғыш оқпен Кемел Тоқаевтың балтырын жаралаған. Жауынгер Оралдың ар жағына эвакуацияланып, дәрігерлер оның аяғын кесуді ұйғарған. Алайда сол кездегі жас дәрігер, кейін әлемге әйгілі хирург атанған Гавриил Илизаров оны аман алып қалған. Осы сәтте Илизаров Кемел Тоқаевқа сүйек деформацияларын емдеуге арналған болашақ өнертабысының, бірегей құрылғысының алғашқы нобайларын қолданған.