Қазақстандықтар ел бюджетіне 10 млрд теңгеден астам қаражат түсірді

Dalanews 19 қаң. 2024 06:38 503

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы автокөліктерге арналған VIP-нөмірлер қанша тұратынын айтты. Бұл туралы мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі.


Мемлекеттік корпорация мәліметінше, 2023 жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері ең жылдам сатылған нөмірлер болып табылады. Әр нөмір бағасы 57 АЕК (2024 жылы 210 444 теңге) болады.



VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК (2024 жылы 1 052 220 теңге) тұрады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар