Қазақстандық университет – Maqsut Narikbayev University – ресейлік саясаттанушы Екатерина Шульманмен ынтымақтастықты тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
“Екатерина Шульман өткен академиялық жылдан бастап Maqsut Narikbayev University-дің қызметтегі Ассоциат-профессоры болып табылмайды. Онымен жасалған еңбек шарты 2024 жылы 1 тамызда бұзылды”, – деп хабарлады университет редакциясы ҚазТАГ агенттігіне.
Бұған дейін Шульманның Ресей құқық қорғау органдарының іздеуінде екені белгілі болған еді.
Саясаттанушының фотосуреті бар іздеу карточкасы Ресей Ішкі істер министрлігінің дерекқорында пайда болды.
Шульман 2023 жылдың қаңтарынан бастап Астанадағы М. Нарықбаев атындағы университеттің (ҚазГЮУ) ассоциат-профессоры болып, онда саясаттану пәнінен дәріс оқыды. Сонымен қатар ол Берлиндегі Карнеги Ресей және Еуразияны зерттеу орталығының шақырылған ғылыми қызметкері. Сондай-ақ Берлин еркін университетінің Шығыс Еуропаны зерттеу институтында саясаттану пәнінен сабақ береді.
Ресейде Шульманға “шетелдік агенттер” туралы заңды бұзу және “қажетсіз ұйым” қызметіне қатысу айыбы тағылып отыр.