Қапастағы Бишімбаевқа өзгелерден артық жағдай жасалған ба?

Нұрлан Жұмахан 31 қаң. 2024 12:40 2297


Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жұбайы Салтанат Нүкенованы ұрып өлтіріп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қандай жағдайда қамауда отырғанын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.


Сәденовтың айтуынша, Бишімбаев өзге айыпталушылармен бірге ортақ камерада отыр. Сонымен қатар оған ешқандай артық жағдай жасалмағанын алға тартты.


– Ол тергеу үшін қамауға алынғандықтан өзгелермен бірге ортақ камерада отыр. Бишімбаевқа артық жағдай жасалған жоқ, – деді министр.



Бұдан басқа министр Бишімбаевтың денсаулығы қалыпты екенін, ортақ тәртіпті бұзбағанын да тілге тиек етті.



Осыған дейін әлеуметтік желіде тергеуде отырған Бишімбаевқа артық жағдай жасалынды деген қауесет әңгіме тараған еді.


Бүгін ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бәрін жоққа шығарып, оның заң аясында тергеліп жатқанын мәлімдеді.


Естеріңізге саламыз, өткен жылдың 9 қарашасында өз әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталған болатын. Бұдан кейін полиция Бишімбаевтың ағасы Салтанат Нүкенованы өлтіруге қатысы бар деген күдікпен оны да қамауға алды.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар