Дәулет Тұрлыханов Азия күрес одағының президенті қызметінен кетті

Ақтоты Жапатова 25 нау. 2025 13:20 1580

Дәулет Тұрлыханов Азия күрес одағының президенті қызметінен кетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Азия күрес одағының жаңа президентін сайлау Иорданияда өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша, иорданиялық Мұхаммед Әл-Авамала үлкен басымдықпен жеңіске жетті. Ол 38 дауыстың ішінен 34-ін жинады. Ол бұл қызметті 2028 жылға дейін атқарады.

Осылайша, соңғы жылдары Одақтың президенті қызметін атқарған қазақстандық Дәулет Тұрлыхановтың басшылығы аяқталды.

Дәулет Тұрлыханов – кеңестік және қазақстандық грек-рим күресінің балуаны және жаттықтырушысы, Қазақстан Мәжілісінің депутаты. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар