БҚО-да тағы бір ұшқышсыз ұшу аппараты табылды

Ақтоты Жапатова 25 нау. 2025 11:22 1326

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектері табылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz 

"Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесе отырып, Жәнібек ауданында ұшқышсыз ұшатын аппараттың бөлшектеріне ұқсас заттардың табылуына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - дейді полиция департаментінің өкілдері.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

Еске салайық, 18 ақпан күні Бөкейорда ауданы Ұялы ауылдық округі маңынан дрон табылған болатын. Оқиға орнынан түсірілген суреттерді жергілікті тұрғындар бөлісті. Кейінірек бұл ақпаратты аудан әкімі Нұрлыбек Даумов растады. Ұшатын аппараттың ұзындығы – 120 сантиметр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеді.

Сондай-ақ 18 наурыз күні сағат 17:35-те Тасқала ауданының Атамекен ауылы (Тасқала ауылынан 60 шақырым солтүстікте орналасқан) тұрғындарынан полиция бөліміне белгісіз нысан табылғаны туралы хабар түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл – құлаған пилотсыз ұшу аппараты. Нысанның ұзындығы – 300 см.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар