Алматыдағы зілзала: Мәжіліс депутаттары үкіметке бірнеше ұсыныс жолдады

Dalanews 24 қаң. 2024 12:32 485

Мәжіліс депутаттары Алматыдағы жер сілкінісінен кейін үкіметке бірнеше ұсыныс тастап, шұғыл шара қабылдауды талап етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жер сілкінісі болған жағдайда оған алдын ала дайын болуы керек екені туралы мәселені көтерді. Оның айтуынша еліміздің таулы аймақтарында, жерасты қазынаны өндіріп жатқан өндірісті өңірлерде зілзала қаупі жоғары. Сондықтан төтенше жағдай министрлігі мен басқа да тиісті мекемелердің зілзаладан қорғану бойынша жұмыстарға ерекше мән беруге шақырды.


Осы тұста депутаттар үкіметке бірнеше ұсыныс жолдады:




  • тектоникалық жарығы бар, сондай-ақ сел және көшкін қаупі бар аймақтарда жер учаскелерін беруге заңнамалық тыйым салу;

  • тектоникалық жарығы бар аймақтарда құрылысқа бастапқы материалдар мен рұқсат құжаттарын беруге тыйым салу;

  • Алматы әкімдігі мен мәслихатына қала аумағын салу қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі қосымша құзырет түрінде ерекше мәртебе беру;

  • жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамасы аясында вибросынақты қолдана отырып, тұрғызылған объектіге міндетті сейсмоаудит жүргізу және объектіні пайдалануға қабылдау сатысында қайта сейсмоаудит жүргізу практикасын енгізу;

  • Алматының таулы аймақтарында көпқабатты, тіпті екі қабаттан жоғары тұрғын үйлердің құрылысына тыйым салу.


Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтар сағат 00:09-да Алматыда  5 балл деңгейінде жер сілкініп, үлкен дүмпу орын алды. Алайда халыққа жер сілкінісі туралы ескерту хабарлама тым кеш келген.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар