Абай облысында ұлттық парктегі былық әшкере болды. Парк басшысы ағасын жұмыс алып, ағасы 4 жыл бойы функционалдық міндеттерін орындамай, жалақы алып жүрген, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Облыс прокуратурасы "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ басшысының орман қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор ретінде ағасын заңсыз жұмысқа алу фактісін анықтаған. Ол 4 жыл бойы функционалдық міндеттерін нақты орындамай жалақы алды.
Прокуратураның қадағалау актісі негізінде "Тарбағатай" МҰТП" РММ талабы бойынша сот шешімімен 5,5 млн. теңге көлемінде заңсыз алынған жалақы өндірілді.
Бүгінде сот шешімі заңды күшіне еніп, заңсыз төленген сома мемлекет кірісіне өндірілді.