4 жасар Айкөркемнің өліміне қатысты іс: әскериге үкім шықты

Сағыныш Сардарова 28 нау. 2024 16:09 1889

Арман Жұман - Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 4 жасар Айкөркемнің ісіне қатысты жалғыз күдікті әскери. Бүгін Астанадағы әскери соттың апелляциялық алқасы Арман Жұманды ақтау үкімінің күшін жойды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астана қаласының соты Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 4 жасар Айкөркемнің ісі бойынша бірінші сатыдағы үкімге апелляциялық шағымды қарады.

Сот бірінші сатыдағы үкімнің күшін жою және сотталушы әскери қызметші Арман Жұманға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы қаулы шығарды. 

Арман Жұман сот залында қамауға алынды.

Қарашада Алматы гарнизонының әскери соты келісімшарт бойынша әскери қызметкер Арман Жұманды ақтады. Ол 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар Айкөркемнің өлімі туралы іс бойынша "өкілеттігін асыра пайдаланды" деп айыпталды. Прокурор айыпталушыны жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айта кетейік, Айкөркем Мелдехан 2022 жылы 6 қаңтарда қаза тапты. Айкөркем, оның ағасы мен әпкесі отырған көлікке оқ атылған. Оқ Айкөркемнің басына тиген, ал ағасы мен әпкесі жарақаттар алған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x